Accessibility links

Грузия президенті Ресейді патша заманының салдарынан тазаруға шақырды


Грузия президенті Михаил Саакашвили БҰҰ-ын өз еліндегі этникалық қақтығыстарды шешуде белсендірек қызмет атқаруға шақырды. Бас Ассамблеяның жиналысында сөйлеген Саакашвили Грузиядағы саяси және экономикалық прогресті мақтан етемін, алайда Грузия құрамындағы Абхазия мен Оңтүстік Осетияның мәселелері артқа тартып отыр деді. Екі аймақтан жүздеген мың адам босып кетті, олардың үйлерін көршілес елдің ресми басшылары сатып алған деп Михаил Саакашвили Ресейді меңзеді. Грузия президенті Ресейді патша заманы мен пост-советтік заңсыздықтың салдарынан тазаруға шақырды.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG