Accessibility links

Буш пен Путин Иран мәселесін талқылады


АҚШ президенті Джордж Буш Иран ядролық бағдарламасы жөнінде міндеттемесін орындамаса, халықаралық қауымдастық мәселені БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне шығарады, бұған сенімдімін деп мәлімдеді. Буш мәлімдемесін Вашингтонда Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен соң жасады. Путин Иранда ешқандай ядролық қару болмау керек деген Америка Құрама Штаттарының талабын қолдаймыз деді. Бірақ Путин Иранның мәселесін Қауіпсіздік кеңесіне шығару жөнінде ешқандай сыр білдірген жоқ. Бұдан соң Буш екі ел ядролық қару таратпау жөнінде жалпы бірін бірі түсінеді, Ресей – АҚШ-тың экономикалық серіктесі, әлем жүзінде демократия мен бостандықты кеңінен орнатуға бірігіп жұмыс істейміз деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG