Accessibility links

Ирақта соңғы үш күнде 200 адам қаза тапты


Ирақта соңғы үш күнде түрлі шабуылдардан 200 адам қаза тапты, жүздеген адам жараланды. Кешегі шабуылдарда 20 шақты адам өлтірілді. Оның ішінде Тұз Хормато қаласының шиит мешітінде көліктегі бомба жарылып, кемінде 11 адам өлтірілді. "Әл Қаида" ұйымының Ирақтағы басшысы Абу Мұсаб Әл Зарқауи осыдан үш күн бұрын Ирақ шиитеріне қарсы жаппай соғыс жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG