Accessibility links

Ауғанстанда ертең парламенттік сайлау өтеді


АҚШ әскерінің Ауғанстандағы қолбасшысы Джеймс Чампион Талибан жауынгерлері жексенбі күні өтетін парламенттік сайлауға қарсы үйлесімді түрде шабуылдай алмайды деп мәлімдеді. Исламшыл жауынгерлер бұқараға әсер ететін шабуылдарды жасауы мүмкін, бірақ Ирақтағыдай ұйымдастырылған шабуылдарды жасай алмайды, - дейді ресми өкілдер. Талибан өкілімін деп өзін атаған Ләтіп Хакими молда жұма күні Ауғанстан азаматтарына қайырылып, парламенттік сайлауда дауыс бермеуге шақырды. Дегенмен ол Талибан жауынгерлері дауыс беруге барған азаматтарға тиіспейді деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG