Accessibility links

Германияда мерзімінен алдын өтетін парламенттік сайлау жексенбіге белгіленген


Сайлау алды науқаны бүгін сенбіде аяқталды. Германия канцлерлігіне қызмет басындағы социал-демократ Герхард Шредер мен Христиан демократтардан Анджела Меркел ханым үміткер. Болжамға қарағанда, Меркел ханымның жеңіс мүмкіндігі молдау. Шығыс Германияда туған Меркел бүгін өз қолдаушылары алдында тұрып:

«Мен дұрыс жолдамыз деп сендіре аламын. Қос Германияны өзара біріктіргеніміздей, біз 21-ғасырда да табысты болып, әрбір азаматтың жолы боларына сенемін. Сондықтан мен сіздердің қолдауларыңызды өтінемін», - деді.

Меркел жұмыссыздық, зейнетақы реформасы және экономикалық либерализация мәселесін қолға алмақ. Ал 7 жыл канцлер болған Шредер әлеуметтік бірлікті сақтай отырып, экономикалық өркендеу жолын таңдаған.
XS
SM
MD
LG