Accessibility links

Ирақ астанасы Бағдадта кеше бомба шабуылы жасалды


Базарда машинада жарылған бомбадан 30 адам қаза тапты, 38 адам жараланды. Полиция бомбаны жанкешті жарды деп сипаттады. Бағдадта кеше болған жеке үш шабуылдан тоғыз бейбіт тұрғын қаза тапты. Бақұба қаласында ресторан маңында қойылған бомба жарылып, бір адам қаза тапты, 17 адам жараланды. АҚШ сарбазы Бағдад қаласында бір көтерілісшіні атып өлтірді. АҚШ әскерінің өкілі Мосыл қаласында "Әл Қаида" ұйымының екі жоғары өкілін тұтқындадық деп хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG