Accessibility links

Германиядағы парламент сайлауында дауыс берушілер кешке қарай ағылады


БЕРЛИН. Германияда кезектен тыс өтіп жатқан парламент сайлауында дауыс беру әзірше тым баяу өтуде. Сайлаушылар кешке қарай жаппай дауыс беруге тиіс. Федералдық канцлер Герхард Шредер бастаған билік басындағы социал-демократтар мен “жасылдар” партиясының коалициясы оппозициялық христиан демократтарымен арада билік үшін бақталасуда. Ең басты мәселе – соңғы жылдары өсуі күрт баяулаған экономика болып отыр. Сауалнамаға қарағанда, екі жақтың бір-бірінен асқан басымдығы жоқ. Сайлаушылардың ¼-і кімді қолдап дауыс берерін әлі білмейді. Егер оппозиция жеңетін болса, онда Ангела Меркель – Германия тарихындағы канцлер болған тұңғыш әйел болмақшы.
XS
SM
MD
LG