Accessibility links

Иран бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын дамытуға құқы барлығын дәлелдеуде


НЬЮ-ЙОРК. АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция өкілдері Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін өзара бүгін талқылауға тиіс. Иран президентінің БҰҰ-ының бас Ассамблеясында жасаған мәлімдемесіне Францияның сыртқы істер министрі “Иран мәселесі БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берілуі мүмкін” деген пікір білдірсе, ағылшын сыртқы істер министрі Джек Стро Иран лидері Ахмадинеджадтың сөзін “пайдасы жоқ және көңілге қонбайтын сөз” деп бағалады. Одан бұрын АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Иранды Еуроодақпен арадағы келіссөзіне оралуға шақырды. Кеше БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде М.Ахмадинеджад: “Біз ғылым мен техниканың барлық саласын, әсіресе – ядролық отындчы бейбіт мақсатта өндіретін бағдарламасын дамытуға барлық елдің құқы бар деп санаймыз. Санаулы елге ғана ондай мүмкіндік беріліп, өзге барлық елге шектеу қоюға және экономикалық монополия орнатуға болмайды”, деп мәлімеді.
XS
SM
MD
LG