Accessibility links

Ауғанстандағы парламент сайлауында бір сайлаушының бірнеше рет дауыс берген жайттар байқалды


КАБУЛ. Ауғанстанда парламент сайлауы аяқталып қалды. Бүгін Ауғанстанның парламенті мен 34 өлкелік кеңестің депутаттарын сайлау болды. Сайлау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, халық дауысын беру үшін тіпті кезекке тұрды. Соңғы 30 жылдан бергі тұңғыш парламент сайлауының қорытындысы әзірше белгісіз. Бақылаушылардың Азиялық желісі өкілінің мәлімдеуінше, Кандагар өлкесінде бір адамның сайлаушы ретінде бірнеше рет тіркелген жайттары мәлім болды. Бұл, оның айтуынша, 3 рет тіркелген адам соншама рет дауыс берді деген сөз. Басқа жерлерде осындай заңсыздық болды ма. жоқ па, ол тексерілетін болады. Ауған парламентінің төменгі палатасындағы 249 депутаттық орынға 3 мыңға жуық үміткер түсті. Өлкелік кеңестерге де 3 мыңнан астам үміткер қатысты.
XS
SM
MD
LG