Accessibility links

Газадан Израиль армиясы шығарылған 1 аптаның ішінде Мысыр мен Палестина арасындағы сауда айалымы – 60 (!) есеге ұлғайды


ӘР-РАФАХ: Туған-туыстарымен көрісу және керек-жарағын сатып алу үшін өткен аптада 10-даған мың палестиндік Мысырға ағылып келді. Өткен дүйсенбі күні Израиль 38 жыл бойы өзінің басқыншылығында болған Газа аймағынан армиясын шығарып, Газа мен Мысыр арасындағы жол ашылды. Мысырдың Газа шекарасына жақын Әр-Рафах қаласының саудагерлері өткен бірнеше күннің ішінде ешқашан Газадан аттап шығып көрмеген палестиндіктерге бүкіл тауарын сатып үлгерді. Әр-Рафах қаласының сауда палатасы өкілінің айтуынша, Газадан Израиль армиясы шығарылған күннен бері Мысыр мен Палестина арасындағы сауда айналымы 60 есе өскен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG