Accessibility links

К.Хилл (АҚШ): “Ядролық қару - Солтүстік Кореяның қауіпсіздігі мен гүлденуі, кепіл бола алмайды”


ВЕНА. Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агентігінің бас директоры Мухаммад Әл-Баради Солтүстік Кореяның ядролық қару жасау және басқа да ядролық бағдарламасын тоқтатып, ядролық қаруды таратпау шартын орындауға қайта оралуға келісуін ыстық ықыласпен қабылдады. Бежиндегі 6 жақты келіссөзге қатысқан АҚШ делегациясының жетекшісі К.Хилл Пхеньянның келісімін “зор жеңіс” деп бағалады: “Бұл - олар үшін (яғни Солтүстік Корея үшін) үлкен шешім, зор қадам, бірақ олар үшін бірден-бір дұрыс шешім. Ядролық қару - Солтүстік Кореяның қауіпсіздігіне, гүлденуі, жетістігіне кепілдік бере алмайды. Іс жүзінде оның барлығы басқа елдермен арадағы ынтымақтастығынан шығады. Міне осылайша бұл сәт, менің ойымша, Солтүстік Кореяның тарихындағы өте маңызды сәт - өзінің бетін қарудың жойқын түрінен көрші елдермен және әлемнің өзге елдерімен арадағы ынтымақтастыққа бұрған маңызды бетбұрыс”.
XS
SM
MD
LG