Accessibility links

Бүгін Өзбекстанда Әндіжандағы қантөгіске байланысты сот процесі басталады


ТАШКЕНТ. Бүгін Өзбекстанда мамырдың 13-күні Әндіжан қаласында орын алған қантөгіске қатысы бар деген айыппен 15 адамның соты басталады. Прокурорлардың айтуынша, 15 адамға террористтік әрекеттерге қатысы бар, заңсыз қару-жарақ пайдаланған, адамдарды өлтірген, және қамаудағыларды босатқан деген айыптар тағылған. Айыпталып отырғандардың арасында Қырғызстанның 3 азаматы бар. Өзбекстан прокурорларының айтуынша, Әндіжан оқиғасына қатысқандар Қырғызстанда жаттықтырылған, сондай-ақ шетелден қаржыландырылған. Өзбекстан үкіметі Әндіжанда 187 адам өлтірілді, олардың көбі террористер дейді. Ал құқық қорғаушылардың айтуынша, үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан соң 700-ден астам бейкүнә адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG