Accessibility links

Пхеньян ядролық бағдарламасынан бас тартады ма?


ВАШИНГТОН. Халықаралық қауымдастық Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатып, ядролық қаруды таратпау шартын орындауға қайта оралуға келісуін сақтықпен жылы қабылдады. “Солтүстік Корея негізінде ядролық қару жасау бағдарламасын тоқтатамыз деді. Ал біз болсақ: ‘Жақсы. Бұл өте тамаша қадам’ дедік, бірақ қазір біз Пхеньян бұл уәдесін орындайды ма жоқ па соны қадағалауымыз керек,” деді АҚШ президенті Джордж Буш. Атом энергиясы бойынша Халықаралық МАГАТЭ агенттігінің басшысы Мохамед Эл-Барадей БҰҰ-ның ядролық бақылаушылары тезарада Пхеньянға барады деп үміттенеді. Пхеньянның ядролық бағдарламасын тоқтату шешіміне байланысты Бейжинде 6 жақты келіссөзге қатысқан АҚШ, Ресей, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея елдерінің өкілдері Солтүстік Кореяны электр қуатымен қамтамасыз етуге келісті.
XS
SM
MD
LG