Accessibility links

Ирақ түрмесіндегі 2 ағылшын сарбазы босатылды


БАСРА. Хабарларға қарағанда, Британия әскерлері Ирақтың Басра қаласындағы түрмеден екі британдық сарбазды азат ету үшін танктерді пайдаланған. Ағылшын сарбаздарының танктері түрменің қабырғасын қиратып ішіне басып кіргенінде, қамауда болған 150-ге жуық адам қашып кеткен. Дүйсенбі күні Басрада зұлымдық әрекеттері бұрқ етіп, жергілікті тұрғындар қаладағы ағылшын танктеріне қарай тастар мен жарылғыш заттары бар бөтелкелерді лақтырған, оның салдарынан 4 адам қаза тапқан. Екі Британдық сарбаз Ирақтың полиция қызметкерлеріне оқ жаудырғандары үшін қамауға алынған болатын.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG