Accessibility links

МАГАТЭ: “Солтүстік Кореяның міндеттемесі – ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қайта оралу”


ВАШИНГТОН. Бүгін халықаралық қоғам Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасынан бас тартатын шешіміне ықылас білдіріп жатыр. Ақ үй өкілінің атап көрсеткеніндей, ендігі жерде Пхеньян өзінің халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өзінің ядролық бағдарламасын жояды. Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің Бас директоры М.Әл-Баради БҰҰ-ының агенттік инспекторлары Пхеньянға мейлінше ертерек бара алады деп үміттеніп отырғанын хабарлады. “Солтүстік Кореяның міндеттемесі – ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қайта оралу болып табылады. Әлбетте, мен Пхеньянмен, өзге мүдделі жақтармен кеңесемін. Бұл мәселеге біздің ертерек оралғанымыз дұрыс, ол түсінікті” деп мәлімеді Әл-Баради.
XS
SM
MD
LG