Accessibility links

Солтүстік Корея ресми Вашингтонның алдына жаңа шартын қойып отыр


ТОКИО. Бүгін Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігі ресми ақпарат агенттігі арқылы АҚШ Солтүстік Кореяны “жеңіл сумен” жұмыс істейтін реактормен қамтамасыз еткенше, Пхеньян ядролық бағдарламасын жоймайды деген мәлімдемесін таратты. Бірақ одан бұрын АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі Шон Маккормак Пхеньянның жаңа шарты дүйсенбі күні Бежинде қол қойылған 6 жақты келісімге қайшы келеді деп ескертті. Жапонияның сыртқы істер министрі Нобутака Мачимура Солтүстік Кореяның жаңа талап қоюының жөні жоқ деп кесті.
XS
SM
MD
LG