Accessibility links

187-ден 700-ге жуық адам қаза болған “Әндіжан оқиғасы” бойынша 15 айыпталушының соты басталды


ТАШКЕНТ. Бүгін Өзбекстанда Әндіжанда 13 мамырда болған халық толқуына байланысты 15 айыпталушының үстінен сот процесі басталды. Оларға терроризммен шұғылданды, кісі өлтірді, адамдарды кепілдікте қамап ұстады, заңсыз қару-жараққа ие болды, тұтқындарды заңсыз босатты деген айыптар тағылып отыр. 15 айыпталушының ішінде Қырғызстанның 3 азаматы бар. Ресми дерекке сәйкес, Әндіжандағы халық толқуын күштеп басып-жаншу кезінде 187 адам, ал құқық қорғаушылардың есебі бойынша 750-ге жуық бейбіт халық қырылды.
XS
SM
MD
LG