Accessibility links

Ә.Бекназаров Украинадағы саяси дағдарыстың Қырғызстанда қайталғанын тілемейді


БІШКЕК. Бүгін Қырғызстанның бұрынғы Бас прокуроры Әзімбек Бекназаров Бішкекте ешқандай уәж келтірмей-ақ ресми билік бүкіл елдің тыныштығын бұзып, жікке бөлінудің табалдырығында тұр деп мәлімдеді. Украина президенті В.Ющенконың жақын үзеңгілесі Ю.Тимошенконың үкіметін таратқан себебіне тоқтала келіп Ә.Бекназаров: “Мен Украинадағы оқиғаның Қырғызстанда қайталануын тілемес едім” деп атап көрсетті. Ол өзінің Бас прокурорлықтан түсірілуін президент А.Ақаевтың биліктен қуылуынан бергі жемқорлыққа қарсы күресімен түсіндірді. Бірақ жаңа Бас прокурор Бұсырманқұл Табылдиев Ә.Бекназаровтың қызметтен кісі өлтірді деген 2 күдіктіні босатқаны үшін алынғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG