Accessibility links

“Әндіжан оқиғасына” қатысқан 15 айыпталушы барлық айыбын түгел мойындады


ТАШКЕНТ. Өзбекстан астанасында Әндіжандағы 13 мамырда болған қанды оқиға бойынша сотқа тартылған алғашқы 15 айыпталушы, оның ішінде 3 қырғыз азаматы, өздеріне тағылған айыптардың барлығын түгел мойындады. Олдарға терроризммен айналысты, кісілерді кепілдікке алды, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды және кісі өлтірді деген айыптар тағылды. “Әндіжан трагедиясы” бойынша тағы 100-ге тарта адам тергелу үстінде. Ресми мәлімет бойынша, Әндіжанда 187 адам қаза болса, адам құқын қорғаушылардың есебіне сәйкес, 700-дей адам, оның ішінде бейкүнә әйелдер мен балалар қырылды.
XS
SM
MD
LG