Accessibility links

Еуроодақ Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беруге шақырады


ВЕНА. Еуропа одағы атом энергиясы бойынша халықаралық агенттігі – МАГАТЭ-ні Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беруге шақырып отыр. Еуроодақ, сонымен қатар, МАГАТЭ-ге Ираннан уранды байыту өндірісін тоқтатып, Франция, Германия және Англиямен арадағы келіссөзіне қайта оралуды талап етуін ұсынады. Еуроодақ Қарарының осы 2 ел дайындаған жобасы бүгін Венада мәжілісін өткізіп жатқан МАГАТЭ басшылығына тапсырылды. АҚШ пен Еуроодақ Иран астыртын ядролық қару шығармақшы деп күдіктенеді, Теһран оны түбегейлі жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG