Accessibility links

Ресей және Қырғызстан бірлескен әскери жаттығуларын өткізбекші


БІШКЕК. Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов келесі жылы Ресей мен Қырғызстан елдері бірлесіп терроризмге қарсы әскери жаттығулар өткізеді деп мәлімдеді. Бұл туралы Иванов Қырғызстан қорғаныс министрі Исмаил Исаковпен Бішкектегі кездесуінен кейін айтты. “Қырғызстан және Қырғыз қорғаныс министрінің жеке ұсынысы бойынша, келесі жылы Қырғызстанда Ресей мен Қырғызстан бірлесіп, тиісті қарулар және әскери қызметкерлерді пайдаланып, терроризмге қарсы әскери жаттығулар өткізеді деп жоспарладық,” деді Иванов. Сонымен қатар, Ресей Қырғызстанға құны 3 миллион АҚШ доллары болған әскери және әскери-техникалық жабдық беруге келісті. Бүгін кешірек Иванов Өзбекстанға келеді. Жұма күні Ресей және Өзбекстан қорғаныс министрлері Кеңес Одағы ыдырағаннан бері тұңғыш рет өткізіліп жатқан екі елдің бірлескен әскери жаттығуларын бақылайтын болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG