Accessibility links

Иранның вице-президенті МАГАТЭ отырысына қатысады


ВЕНА. Бүгін Иранның вице-президенті Голамреза Агазедаһ атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің отырысына қатысу үшін Венаға келді. Агазедаһ Еуроодақтың әзірлеген қарар жобасына қарсы шығып, МАГАТЭ өкілдерін Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің қарауына бермеуге көндіріп көрмекші. Бүгін журналистерге берген сұхбатында Агазедаһ Иранның Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім міндеттемелерінен бас тартуға ниеті жоқ деді. Ресей мен Қытай Еуроодақтың Иран мәселесін қауіпсіздік кеңесінің қарауына беру керек деген шешімімен келіспейді. Олар бұл дағдарыс МАГАТЭ шеңберінде шешіле алады дейді. АҚШ пен Еуроодақ Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп айыптауда, ал Иран болса ядролық бағдарламамызды тек бейбіт мақсатта дамытамыз деп бірнеше рет айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG