Accessibility links

Қызметінен босатылған Украинаның бұрынғы премьер-министрі Ю.Тимошенко жаңа үкімет құрғысы келеді


КИЕВ. Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко егер президент Виктор Ющенко одан жаңа үкімет құруды сұраса, оны құруға дайынмын деп мәлімдеді. Бүгін Киевте өткізген баспасөз-маслихатында Тимошенко оның ұсынысы үкіметте қалыптасып отырған саяси дағдарысты шешеді деді. Қыркүйектің басында президент Ющенко Тимошенконы қызметінен босатып, премьер-министрлікке Юрий Ехануровтың кандидатурасын ұсынған болатын. Бірақ сейсенбі күні Украина парламенті Ехануровтың премьер-министрлікке тағайындалуына қарсы дауыс берген. Бүгін президент Ющенко елдің саяси жетекшілерімен кезедеседі.
XS
SM
MD
LG