Accessibility links

Украина елбасы Виктор Ющенко үкімет басшылығына байланысты ұсынысын Парламентке қайта жасамақшы


Ол Юрий Ехануровтың кандидатурасын Парламенттің мақұлдауына ұсынған болатын. Сейсенбі күні депутаттардың бұл ұсынысты мақұлдауына үш дауыстың жетпей қалғаны белгілі. Сәрсенбі күні Ющенко мырза Парламенттегі жетекші топтар басшыларымен төрт сағатқа жуық сөйлескеннен кейін ғана осындай қайта ұсыну шешіміне келген болатын. Дауысқа салудың бейсенбі күні жүргізілуін Ющенко қалап отыр.
XS
SM
MD
LG