Accessibility links

Бүгін Қырғызстан парламенті кеше қастандық құрбаны болған депутат Байаман Еркінбаевтың қазасына байланысты мәселені талқылады


Дәулетті бизнесмен, Қырғызстанның Олимпиада комитетінің басшысы Б.Еркінбаевті сәрсенбі күні кешке қарай өз үйі алдында белгісіз қаскүнем атып кеткен болатын. Бұл мәселеге орай, Қырғызстанның бас министрі Феликс Құлов парламент алдында:

«Байаман Еркінбаев маған жексенбі күні келді. Ол өте абыржулы еді. Ол өзіне қастандық жасамақ болған адам жөнінде айтып, егер мені өлтірсе оның сізге айтқан есімін жариялаңыз деп өтінді. Мен оны қажетті кезде тергеушіге айтамын», - деп мәлімдеді.

Ал президент Қ.Бақиев бұл сәтті пайдаланып, заң қорғау органдарының өзін сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа, парақорлыққа қатысы бар деп айыптады.

Б.Еркінбаев соңғы айларда Қырғызстанда қасақана өлімге кезіккен екінші депутат болып отыр. Бұған дейін ол биылғы жылғы сәуір айында өзіне қарсы жасалған қылмыстық шабуылда жарақат алып, әупірімдеп аман қалған болатын.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG