Accessibility links

Әндіжан көтерілісшілерінің соты жалғасуда


Әндіжан көтерілісін ұйымдастарды деп айыпталған 15 азаматтың соты бүгін Ташкентте одан ары жалғасты. Арасында үш Қырғызстан азаматы бар айыпталғандардың сотына төрт күн болды. Сотталушылар тағылған айыптарды қайталай мойындады, өзбек үкіметін құлатуды мақсат тұтқан заңсыз исламшыл ұйымдарға қатыстық деді. Адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар сотталушылар азаптауға тап болып осылайша мойындарына кінә артып отыр дейді. Алайда сотталушылар бейсенбі күні мұны да жоққа шығарды. Өзбек үкіметі Әндіжанда 187 адам қаза тапқан болатын, олардың көбі асыра исламшылар дейді. Өзбек оппозициясы жүздеген адам қаза тапты, олардың көпшілігі – қарусыз бейбіт азаматтар дейді.
XS
SM
MD
LG