Accessibility links

АҚШ елбасы Джордж Буш Америка әскерінің Ирақта қалыпты жағдай орнағанға дейін тұра беретіндігін қайталады


Ал, Сауд Арабия сыртқы істер министрі Сауд әл-Файсал “Ирақ бөлінуге бет алды. Ата заң жобасына байланысты референдум елдегі қауіпті жағдайды шеше алмайды”, деген қорқынышын жеткізді.

Ирақтағы шиилердің көрнекті діни қайраткері Аятолла Әли әл-Систани мәлімдеме жасады. Онда ол өз жақтастарын қазанның 15-і күні болатын референдум барысында Ата заң жобасын қолдап дауыс беруге шақырды. Оның аталған мәлімдемесі шиилер мен күрдтердің басқаруындағы өкімет үшін аса маңызды болып отыр. Ел халқының 20 пайызын құрап отырған сүнні арабтары, өз мүдделеріне қайшы келеді деп, бұл жобаға қарсы шығуда.
XS
SM
MD
LG