Осман империясы армяндарға қарсы ұйымдастарған зұлмат мәселесіне арналған конференция Түркияда бүгін саяси текетірес жағдайында басталып кетті. Конференция жұма күні басталу керек еді, алайда Стамбул соты оған бейсенбі күні тиым салды. Конференцияны ұйымдастырушылар сот жиынның өзіне емес, жиын өткізілетін жерге тиім салды деп, конференцияны басқа жерде ашты. 200 шақты түрік ұлтшылдары конференция басталарда наразылық танытып, жиын қатысушыларына лағнет айтты. Армяндар Осман империясы 1915 жылы бір жарым миллион армянды қырған деп айтады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?