Accessibility links

АҚШ астанасы Вашингтонда ұйымдастырылған Ирақтағы АҚШ одақтастары соғысына қарсы наразылық жиынына кеше 100 мыңнан астам адам қатысты


Ақ үй алдында жиналған ол қауым АҚШ президенті Буш пен Ұлыбритания бас министрі Тони Блэрдің саясатын сынап, АҚШ әскерилерінің жедел түрде Ирақтан шығарылуын талап етті. Өз ұлы Ирақ соғысында қаза тапқан Синди Шехан АҚШ-тың Ирақ жеріндегі соғысын айыптап былай деді:

«Бұқаралық ақпарат құралдарындағы менің достарым өз міндеттерін ойдағыдай атқара алмай келеді. Конгрестегі достарымыз да солай. Ал президент Буш өз жұмысын оңдырмай келеді. Сонда не істеу керек? Біз американдықтар өзіміз болып, өз шаруамызды жасауымыз керек».

Бірақ бұл кезде президент Буш Ақ үйде емес еді. Ол Колорадо мен Техас штатына «Рита» дауылы сойқанын тікелей бақылап, көмек жағдайымен танысуға кеткен болатын.

Бұл арада сенбі күні Лондон, Париж, Рим, Сан Франсиско, Лос Анжелес қалаларында да ондаған мың адам наразылық жиындарына шығып, АҚШ бастаған одақтас күштердің Ирақтан шығып кетуін талап етті.
XS
SM
MD
LG