Accessibility links

Ливанда Сирияны сынаған тағы бір адам – журналист әйел қастандықтың құрбаны болды


БЕЙРУТ. Бүгін Ливанның премьер-министрі Фуад Синайора (Fuad Siniora) экс-премьер Рафик Әл-Харири мен өзге 20 адам құрбан болған осы жылдың ақпан айынан бері қарай өріс алған қастандықтарды ауыздықтау мәселесі бойынша қауіпсіздік күштерінің басшыларымен кездесті. Соңғы рет осы жексенбі күні Бейрутта христиандық телеарнаның қызметкері Мэй Шидиак отырып келе жатқан автокөлікте жарылғыш іске қосылып, журналист әйел – аяғынан және қолынан айрылды. Мэй Шидиак – Сирияның Ливандағы рөліне ашық қарсы болып келді. БҰҰ-ының бас хатшысы К.Аннан бұл қастандыққа ащы наразылық білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG