Accessibility links

Мадрид соты дүйсенбі күні 18 адамды әл-Қайдаға қатысы бар деп сотқа тартты


Бұл ірі сот үдерісі барысында оларды алты жылдан 27 жылға дейін абақтыға жабу үкімі жарияланды. Солардың бірі- әл-Жазира телеарнасының журналисі Тайсир Алоуни. Жеті жылға сотталған журналисінің ісін қайта қарауға арыз тапсыратындығын аталған телебекет мәлімдеп отыр. Алоуни мырза әл-Қайда басшысы Осама бин Ладенмен 11-ші қыркүйек оқиғасынан іле-шала кейін сұхбаттасқан екен. Журналист Алоунидің кінәсіз екендігіне сенетіндіктерін әл-Жазира басшылығы қайталауда. Сирияда туылған Испан азаматы Еддин Баракат Яркас 11-қыркүйек оқиғасы тұсында құпия әрекеттер жасады, деген айып тағылып, 27 жылға бас бостандығынан айрылды. Олардың барлығы да 10 күн ішінде сотқа қайта арыз тапсыра алады.
XS
SM
MD
LG