Accessibility links

Израйль өкімет басшысы Ариель Шарон өз билігіне байланысты Ликуд партиясы ішінде жеңіске жетті


Ликудтың тағы бір мүшесі Бенжамин Нетаняху кезектен тыс, алдын-ала сайлаулар өткізу жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Ел телеарнасының хабарына қарағанда, дауыс бергендердің 51 пайызы Шаронның бағытын қолдап дауыс берген екен. Ал, 49 пайызы ерте сайлауларды жақтап шыққан. Газа аймағынан шығу жөніндегі Шарон ұсынысына байланысты аталған партия мүшелері екіге жарылған еді. Израйльдіктердің Газа аймағынан шығу үдерісінің қыркүйектің 12-де аяқталғаны белгілі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG