Accessibility links

Иран парламенті халықаралық сарапшыларды шектемек


Иран парламенті халықаралық сарапшылар елдің ядролық өнеркәсіптерін аяқ астынан тексеру құқынан айырылсын деген ұсынысты талқыламақ. Мәжіліс жабық есік жағдайында өткізілмек. Халықаралық атом энергетика агенттігі Иран ядролық кәсіпорындарын алдын-ала ескертусіз тексеруге құқылы, Иран бұған қарсы заң шығармақ енді. Жаңа заңда, сол сияқты, Иран уран байытуды қайта бастауға құқылы деп жазылмақ. Батыс елдері Иран осылайша ядролық қару жасауға бет алды деп біледі. Халықаралық атом энергетика агенттігі Иран күдікті ядролық бағдарламасын тоқтатпаса оған қарсы шектеу шарасын қолдану мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шығарамыз деді сенбі күнгі мәжілісінде.
XS
SM
MD
LG