Accessibility links

Вашингтон Әндіжан көтерілісіне қатысымыз жоқ деді


АҚШ сыртқы істер министрлігі Әндіжан көтерілісін ұйымдастыруға АҚШ елшілігі ақша беруі мүмкін деген жорамалды жоққа шығарды. Ташкентте сотталып жатқан асыра ислмашыл деп аталған 15 азаматтың бірі мамыр айында болған көтеріліске АҚШ елшілігі атсалысқан сияқты деген. АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Сиин Маккормак бұл шындыққа сай емес, Америка Құрама Штаттары Әндіжан көтерілісінің анығана жету мақсатында халықаралық тергеу комиссиясын құруға бірден ұсыныс кіргізген болатын, ұсынысын қазір де айтып отыр деді. Америка Құрама Штаттары Ауғанстандағы қызметте пайдаланылатын америкалық әскердің Өзбекстанда қалуына бола Өзбекстанда адам құқықтарын сақтау және демократияны орнату құндылықтарын құрбандыққа шалмайды деп тәптіштеді министрлік өкілі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG