Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан БҰҰ-ның қызметкері жараланды


КАБУЛ. Бүгін Ауғанстанның ішкі істер министрі Али Ахмад Жалали отставкаға кетуіне байланысты баспасөз-маслихатын өткізді. Жалали мен президент Хамид Қарзайдың арасында кейбір мәселелерге байланысты келіспеушілік болған, сол үшін министр қызметінен кетіп жатыр деген хабарларды Жалали жоққа шығарды. Басқа да хабарларға қарағанда, Ауғанстанның Нангахар провинциясында орын алған жарылыстан БҰҰ-ның қызметкері жараланды. Ал Солтүстік Вазиристанның МиранШах қаласында Пәкістан әскерлері талибандықтар мен “Әл-Қаида” ұйымының мүшелеріне бағытталған әскери операцияларын бастады.
XS
SM
MD
LG