Accessibility links

Ирақтағы жарылыстан 6 адам мерт болды


БАҒДАД. Ирақтың солтүстігіндегі Таль Афар қаласында жанкешті жарған бомбадан кемінде 6 адам қаза тауып, 50-ден астам кісі жараланды. Жақында Ирақ пен АҚШ күштері аталған қалада бірлескен әскери операциясын өткізген болатын. АҚШ әскерінің айтуынша, ол операция кезінде 500-ден астам террорист пен шетел соғысушылары опат болған. АҚШ әскери күштерінің бірлескен комитет басшыларының жетекшісі генерал Ричард Майерс Ирақтағы Әл-Қаида ұйымының мүшесі Абу Аззамның өліміне байланысты өз пікірін білдірді. Генералдың айтуынша, Азамның өлімі бүлікшілердің әрекетін әлсіретеді, бірақ Абу Мусаб Әл-Зарқауи жетекшілік ететін ұйымға шешуші соққы бермейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG