Accessibility links

Ауған әскерлеріне жасалған шабуылдан 9 адам қаза тапты


КАБУЛ. Күдіктелген бомба жарушы жанкешті Кабулдың шетінде орналасқан жаттығулар өткізілетін лагерде Ауған әскерлеріне шабуыл жасады. Хабарларға қарағанда, ол шабуылдан 9 адам қаза тауып, 20-ға жуық кісі жараланған. Асошиэйтед пресс агенттігі Ауғанстанның қорғаныс министрлігінің өкілі генерал Мохаммед Заһер Азимидің айтқанын келтіре отырып, бұл шабуыл Ұлттық Армияның әскерлеріне бағытталған деп хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG