Accessibility links

Солтүстік Ирақта жанкешті келіншек жасаған бомбы жарылысынан сәрсенбі күні, оның өзімен бірге тағы да кемінде 5 адам мерт болды


Тал Афарда болған бұл шабуылды алғаш рет әйел азаматы жасап отыр. Интернетте таратылған хабарда Ирақтағы Ал-Қайда тобы ол бомбы жарылысын өз мойнына алып отыр. Бақубада болған 2-ші жарылыста бір адам қаза тауып, кемінде 13 кісі жараланған. АҚШ президенті Буштың айтқанындай, одақтас және үкіметтік күштер Ирақтағы жағдайды бақылау астына алу мүмкіндігіне ие.

– Сан жағынан көбейе түскен Ирақ сенімді күштері лаңкестерден тазаланған қалаларды өз қолымызда ұстап тұруға мүмкіндік береді. Себебі, Ирақ сарбаздары өз халқын, тілін жақсы біледі. Ал олар лаңкестердің кім екендігін жақсы түсінеді, - дейді президент Буш.
XS
SM
MD
LG