Accessibility links

Палестиндік "Әл-ақса азаптаушылар" тобы Израил әскерлері Батыс жағалауда үш көтерілісшіні атып өлтірген соң, Израилмен арадағы бітімгершілікті бұдан әрі сақтамаймыз деп мәлімдеді


Бұл жөнінде бүгін осы топтың өкілі Закария әз Зубаиди хабарлады. Израил Палестин көтерілісшілеріне қарсы операцияларды өткен жексенбіде өз елді-мекендерін палестиндік топтар зымыранмен атқылағаннан кейін бастаған болатын. Бүгін Израил премер-министрі Ариел Шарон жағдайдың ушығып бара жатқанына қарамастан, бейбіт реттеу жөніндегі халықаралық "жол картасы" талаптарын ұстанатындығын айтты.
XS
SM
MD
LG