Accessibility links

Бүгін Европа одағының елшілері Брюсселдегі басқосуда Түркияның блокқа қосылуы жөніндегі келіссөз турасында бір ұйғарымға келе алмады


Түркия дүйсенбі күні Европа одағымен келіссөзді кеңейтіп жүргізуді жоспарлаған еді. Бүгінгі кездесуде Австрия Түркияға Одаққа толық мүшелік емес, шектеулі әріптестікті ұсыну талабын алға тартты. Бүгін кейбір басылымдарда жарық көрген хабарларға қарағанда, Австрия канцлері Волфганг Шуссель бұдан бұрын Хорватиямен тоқтап қалған келіссөздер қайта жалғасқан жағдайда ғана,Түркиямен келіссөз басталады деп мәлімдеген. Енді Евродақ елдері сыртқы істер министрлерінің Түркиямен қарым-қатынасқа арналған кезектен тыс кездесуі жексенбіде өтетін болды.

Сәрсенбі күні Страсбургте Европа Парламенті Европа одағы мен Түркия арасындағы кеңейтілген кедендік одақ келісімін ратификациялауды кейінге қалдырған болатын. Оның себебі - келісімге дауыс берушілер Түркияның Кипрдің оңтүстігіндегі Кипр республикасын мойындауын қалайды. Кипр Евродаққа кейіннен қабылданған 10 елдің бірі. Евродақ жетекшілері аталған мәселе Түркия Евродаққа кіргенге дейін шешімін табуы қажет деп есептейді. Дегенмен де Евродақтың қазіргі төрағасы Британияның өкілі Түркияның Одаққа қабылдануына дейін әлі көп уақыт бар деді. Европарламент Түркия 1915 жылы Осман империясының билігі астында болған армяндар қырғынын геноцид деп мойындасын деген қарар қабылдады. Түркияның премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған бұл шешімге бірден қарсы шықты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG