Accessibility links

Ирақ астанасының шииттер көптеп тұратын солтүстік аймағында кеше түнде қатарынан 3 көлік бомбасы жарылып, кемінде 60 адам қаза тапты


Дәрігер бұл деректі растап, жарылыстардың полиция бекетінде, банк және базар алдында болғандығын айтады. Өткен күні Рамади қаласының батысында болған жол бомбасы жарылысынан 5 американдық қаза тапқан. Жалпы соңғы 4 күнде АҚШ-тық қызметкерлерден 13 адам мерт болды. АҚШ генералы Кейсидің айтуынша, 2006-жылы американдық әскерлер саны азайтылғанымен, алдағы 75 күн өте күрделі жағдайда өтпек.

- Одақтас күштердің қысқартылуы өте қиын жағдайда өтеді. Әсіресе, алдағы 75 күн күрделі болмақ, - дейді генерал.

Ирақта қазанның 15-іне жоспарланған Ата заң жобасы жөніндегі референдум ойдағыдай өтсе, онда желтоқсанның 15-інде жаңа үкімет сайланбақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG