Accessibility links

Өзбекстанға қарсы шектеу шаралары басталады


Өзбекстанға қару сатуға және басқа кейбір қатынастарға үшінші қазаннан бастап тиім салынбақ. Еуропа одағының дипломаттары санкция шараларының мерзімі шектелмейді, Өзбекстан үкіметі Әндіжанда бейбіт демонстрация кезінде жасалған қанды қырғын жайында шындықты қаншалықты жасырса – шектеу шаралары соншалықты күшінде болады деді. Еуропа Комиссиясының өкілі Умма Удвин Әндіжан қақтығысы халықаралық комиссия арқылы тергелсін деген талабымызды әлі қойып отырмыз деді. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының өкілі Льюс Арбор көтеріліс ұйымдастырушалыры деп айыпталған азаматтардың үстінен Ташкентте өтіп жатқан сотқа бақылау тобын жолдамақ. АҚШ парламентінің екі депутаты Өзбекстан қорғаныс саласына берілетін қаржы көмегі тоқтатылсын деген қаулы жобасын кіргізді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG