Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд Ирақ күштерінің қабілеті артып, тәжірибе жинақтады деп атап көрсетті


«Ең маңыздысы, Ирақ қауіпсіздік күштерінің күн сайын тәжірибесі молайып, өз істерін жақсы атқаруда. Бір атап өтерлігі - АҚШ жауынгерлері патрульдік бақылаудың 80 проценттейін атқарса, 20 проценті Ирақ қауіпсіздік күштері мен белсенділерінің мойынында» деген Рамсфелд, мұнда 194 мың Ирақ әскері мен полициясының жаттығудан өткенін айтты.

Ал Ирақта қақтығыстар жалғасуда. Полицияның айтуынша кеше Хилла қаласындағы бомба жарылысында кемінде 10 адам қаза тауып, 30 кісі жарақат алған. Бір күн бұрын Балад қаласындағы жарылыстарда 100-ге жуық адам мерт болған еді.
XS
SM
MD
LG