Accessibility links

АҚШ-тың жүздеген әскері Ирақ-Сирия шекара аймағында ал-Қайдалық бүлікшілдерге қарсы шабуыл операциясын жүргізді


«Темір білекті операция» деп аталған бұл шабуыл бүгін таңертең Анбар уалаятының Садах қаласында басталды. Бұл арада бүгін АҚШ әскери күштері Бағдад маңайындағы Абу Ғрайб түрмесінен 500-дей тұтқынды босатып, қасиетті Рамазан айына дейін уәде етілген 1000 шақты тұтқын бостандыққа шығарылып отыр. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райс ханым АҚШ Ирақтағы өз миссиясын одан әрі жалғастыра беруі керек деп есептейді.

- Егер біз Ирақтан кетсек, онда ирақтық демократтарды қиын жағдайда қалтырамыз, болашаққа деген ел сенімін жоғалтып, американдардың әлсіздігін байқатамыз, - деді К.Райс АҚШ-тағы Пристон университеті шәкірттерімен кездескен кезде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG