Accessibility links

Кеше Әзірбайжан астанасында шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болды


Полиция қараша айында өтетін сайлау алдында рұхсат етілмеген шеру өткізбекші болған "Азадлық" блогының белсенділерін қамауға алды. Наразылық шеруіне жиналған мыңдаған адам Бакудың орталығына қарай өте алмай, есесіне полицияның шабуылына тап болды. Халықтық майдан оппозициялық тобының өкілі «Азаттық» радиосына полицияның ондаған белсендіні тұтқындағанын айтқан. "Мұсават" - Теңдік партиясының екі жетекшісі жарақаттанып, ауруханаға түскен. Полиция қақтығыс кезінде тоғыз полицияның жаралануына себепкер болды деген желеумен 34 адамды тұтқындаған. Әзірбайжан билігі қарашадағы сайлау алдында арандатушылық қимылдарға қарсы күш қолданамыз деп ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG