Accessibility links

Кеше Индонезияның Бали аралындағы демалыс аймағында болған жарылыстарда кемінде 25 адам қаза тапқан


Олардың ішінде шетелдік туристер де болған. Жараланғандардың саны 100-ден асады. Үш бомба жарылысы да адамдар көп жиналған жерлерде, мейрамханаларда бір мезгілде жүзеге асырылған. Индонезия президенті Бамбанг Юдхойоно:

- Бұның террорлық акт екендігі анық, көпшілік жиналған жерлер әдейі таңдап алынған. Индонезия республикасының президенті ретінде мұндай қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын әрекетті қатты айыптаймын, - деді.

Индонезия билігі мен эксперттер бұл экстремистердің қолымен атқарылған террорлық актілер деп отыр. Үш жыл бұрын 2002 жылдың қазан айында Балидегі бомба жарылыстарында 200 адам мерт болған еді. Британия премьер-министрі Тони Блэр Балидегі жарылыстарды айыптап, террорға қарсы күресте Индонезия үкіметіне қолдау көрсетуге әзір екендігін айтқан. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс, БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан Бали жарылыстарын айыптады. Сондай-ақ, Германия, Франция, Австралия жетекшілері де осындай пікірлер білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG