Accessibility links

АҚШ әскерін сынап келген “Хьюман райтс уотч” ұйымы енді Ирақтағы көтерілісшілерді “соғыс ережесін” орындауға шақырады


БАҒДАД. АҚШ әскері Ирақтың Сирия шекарасы маңындағы қалаларда сенбі-жексенбі күндері жүргізілген операциясы барысында 36 көтерілісшінің көзін жойғанын мәлімдеді. Ал онымен қатар “Әл-Қаида” ұйымы интернетте шыққан мәлімдемесінде қолға түсірген 2 АҚШ жауынгерін өлтіретіннін ескертті. Бірақ АҚШ әскері бірде-бір жауынгерінің жоғалмағанын айтып, “Әл-Қаиданың” мәлімдемесі жалған деп ақталды. Адам құқын қорғаушы халықаралық “Хьюман райтс уотч” ұйымы Ирақтағы көтерілісші топтарды кісі ұрлап, адамдарды дарға асуымен және бейбіт халыққа қырғын салуымен әскери қылмыстар жасады деп айыптады. Осыған дейін Ирақтағы шексіз әрекеттері үшін АҚШ әскерін ащы сынап келген “Хьюман райтс уотч” ұйымы көтерілісшілерді де соғыс ережесін сақтауға шақырды.
XS
SM
MD
LG