Accessibility links

Полиция Бали аралындағы соңғы 3 жарылысты іске асырғандардың сыбайластарын іздестіруде


ДЖАКАРТА. Бүгін Индонезияның қауіпсіздік күштері Бали аралындағы лаңкестік шабуылдардың қайталануы мүмкін деген күдікпен Джакартада қауіпсіздік шараларын күшейтті. Индонезия президенті кеше осылай деп ескерткен болатын. Полиция бастығы Маде Манку Пастиканың мәлімдеуінше, “Балидегі 3 жарылысты іске асырған 3 жанкешті-лаңкестің бірі Кутадан, қалған екеуі Джимбараннан шыққандар”: “Мен бұл жарылыстарды жоспарлап, қопарғыштарды дайындауға атсалысқан өзге адамдар да болған; біздің іздегеніміз де сол адамдар”, деп мәлімдеді Пастика. Кемінде 26 адам, оның ішінде шетелдік турнистер қаза болып, 120-дан аса кісі жараланған Бали аралындағы 3 террористік шабуылды әзірше ешбір ұйым не топ жауапкершілігіне алған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG