Accessibility links

Өзбекстанға Еуроодақ тарапынан жаза қолдану қатері төне бастады


ЛЮСЕМБУРГ. Бүгін Еуроодаққа мүше 25 елдің сыртқы істер министрлері Әндіжан қаласындағы мамыр айында болған қантөгіске тәуелсіз тергеу жүргізуге келісімін бермей отырған Өзбекстанға экономикалық жаза қолдану мәселесін талдауға тиіс. Ресми Ташкент Әндіжандағы қанды оқиғаның себеп-салдарын тәуелсіз халықаралық тергеуге алу жөніндегі Еуроодақтың бірнеше үндеуін қабылдамады. Өзбек үкіметі қарусыз бейбіт халықты қырғанын жоққа шығарып, Әндіжанда 187 адам қаза болды деп мәлімдеп келеді. Адам құқын қорғаушылардың есебі бойынша, Әндіжанда 700-ден аса адам, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза болды. Еуроодақ министрлері, сондай-ақ, Еуроодақ пен Ресей басшыларының кездесуіне дайындық барысын талқылауға тиіс.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG