Accessibility links

Лондонға барар жолында Ресей президенті В.Путин Брюссельге аялдайды


БРЮССЕЛЬ. Бүгін Ресей президенті В.Путин ресми сапармен Бельгияға келіп, орыс мәдениеті мен оның Еуропа тарихындағы маңызына арналған фестивальдің ашылу рәсіміне қатысуға тиіс. Фестивальдің барысында Ресей театрларының қойылымдары, концерттер, көрмелер, әдеби кештер ұйымдастырылып, 2006 жылдың басында Бельгияның бірнеше қаласында Ресей фильмдері көрсетіледі. В.Путин Бельгия патшасы Альберт пен патшайым Паоланың қонағы болып, Бельгия үкіметімен екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Ресей президенті Брюссельден Лондонға ұшып, сейсенбі күні Еуроодақ-Ресей саммитіне қатысады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG